Алматы облысында шамамен 3 трлн теңгеге қандай өндіріс ошақтары ашылмақ

9 февраля 2022 года

Алматы облысында құны 2,8 трлн теңге болатын жаңа жобалар ашу жоспарлануда, деп хабарлайды LS өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылға дейін облыста 2,8 трлн теңгеге 289 өндіріс іске асырылуы мүмкін. Соның есебiнен 19 мың жұмыс орны ашылады. Мәселен, Талдықорғанның өзінде жалпы инвестиция көлемі 1,1 трлн теңге болатын 94 нысан пайда болуы мүмкін. Жұмыспен 6,2 мың адам қамтамасыз етіледі.

Экономика салаларына келетін болсақ, агроөнеркәсіптік және тау-кен өндіру кешенінде, сондай-ақ, туризмде 289 жоба іске қосылады. Мысалы, 2026 жылға қарай 10 ірі жылыжайды іске қосу жоспарлануда. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 25 мың тонна өнімді құрайды. Онда 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұдан басқа, екі құс фабрикасы салынып, тағы біреуі кеңейтіледі. Бұл жобаларға 85 млрд теңге инвестиция салынады. Құс фабрикаларында жылына 76 мың тонна ет шығару жоспарлануда. 1,1 мың адам жұмыспен қамтылады.

Бұған дейін, Ұйғыр ауданында 2022 жылы құс етін өндіру және қайта өңдеу бойынша тұйық циклді құс кешені пайда болатыны хабарланған болатын. Инвестициялар құны 97 млрд теңге.

Сонымен қатар, өңір басшысы Қанат Бозымбаев жұмыс істеп тұрған басқа құс фабрикасына 20 млрд теңгеге өндіріс қуатын жылына тағы 50 мың тонна құс етіне арттыруды ұсынды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.