Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекетке қандай активтері қайтарылды

Басқа сыбайлас жемқорлардың мүлкі де тәркіленді

27 октября 2022 года

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті LS-ке Қайрат Сатыбалдыұлының қандай активтері мемлекетке қайтарылғанын айтты.

Комитеттің мәліметінше, республикалық меншікке "Қазақтелекомның" 3 084 893 жай акциясы қабылданған. Оның ішінде Skyline Investment Company S. A 2 671 481 акциялары (24,95%) – жалғыз акционері Сатыбалдыұлы, "Алатау Капитал Инвест" – 413 412 акциялары (3,8%) – жалғыз қатысушысы Сатыбалдыұлы.

Осы қағаздар пакеті бағалау жүргізілгеннен кейін, үкіметтің қаулысына сәйкес* "Самұрық-Қазына" орналастыратын акцияларға ақы төлеуге берілетін болады.

Басқа кәсіпкер – Қайрат Боранбаевтың – мүлкі республикалық меншікке әлі түскен жоқ. Алайда, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Боранбаев иесі болып табылатын "Қайрат" футбол клубы қалаға қайтарылғаннан кейін клубқа қаржылай көмек көрсету мәселесі көтеріледі. Әкім бұл актив туралы шешімді сот қабылдайтынын жеткізді.

Комитеттің ақпараты бойынша, жыл басынан бері, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сот актілері негізінде тәркіленген 28 бірлік мүлік есепке алынды. Оның ішінде 10 жылжымайтын мүлік, алты автокөлік және 12 бірлік басқа мүлік.

Оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғалардың** балансына бағалау құны 125,47 млн теңге болатын бес авто берілді, 6,16 млн теңгеге 11 бірлік басқа мүлік сатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Сатыбалдыұлы алты жылға сотталып мүлкі тәркіленген болатын. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев көлік сервисінің орталығына төленген ақшасын пайдаланды. Сондай-ақ, Қазақстанға Сатыбалдыұлы ісі бойынша заңсыз игерілген $500 млн қайтарылды.

Боранбаевқа келетін болсақ, оның көп миллиардтық жымқыру туралы ісінде жаңа фактілер пайда болды.

*2022 жылғы 12 сәуірдегі № 213.

** ҰҚК, Бас прокуратура, мемлекеттік мүлік комитетінің аумақтық органдары.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.