Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізу жоспарланғанын LS-ке еңбек министрлігінде айтып бердi.
LS-тiң ресми сауалына жауап ретінде министрлiкте ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып, ал базалық зейнетақы төлемі инфляция деңгейіне индекстелетінін хабарлады.
Бұл зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту жөніндегі тұжырымдамада жазылған.
Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақының мөлшері 5%-ға ұлғайды.
Сондай-ақ, тағы бiр маңызды бағыттардың бірі 2023 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу болып табылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 2 қаңтарда заңға қол қойғанын, оның аясында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге және жеке қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану жөніндегі нормалар көзделгенін атап өтті.
БЖЗҚ-дан жинақтардың бір бөлігін алып қою құқығы бар:
- БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, жеткіліктілік шегінен асатын соманың бір бөлігін пайдалана алатын жұмыс істейтін азаматтар;
- зейнетақысы жоғалтқан табыс мөлшерінің кемінде 40%-ын құрайтын (бұрын алған жалақыдан) жұмыс істеп тұрған зейнеткерлер – олар БЖЗҚ-да қалған жинақтар сомасының 50%-на дейін пайдалана алады;
- зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және БЖЗҚ-да қалған сома шегінде жинақтары бар азаматтар.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында 2022 жылдан бастап жеткіліктілік шегі ұлғайтылатыны белгілі болды. Кейінірек Тоқаев үкіметке бұрынғы табалдырықтардың қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын (2022 жылға арналған жеткіліктілік шегін ескере отырып) 582 мың адам (барлық салымшылардың 5,3%-ға жуығы) пайдалана алатынын айтты. Шешiлетiн жалпы сома 900 млрд теңгені құрайды.