Жарты жылда мыңдаған білімді қазақстандықтар елден кетті

І жартыжылдықта елден 12,3 мыңнан астам адам көшті

11 августа 2022 года

2022 жылдың І жартыжылдығында Қазақстаннан 12 344 адам көшіп кетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% - ға аз, деп хабарлайды LS. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, есепті кезеңде елге 7287 адам көшіп келген, өсім 58,6%- ды құрады.

Елдер бойынша

2022 жылғы қаңтар- маусымда қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейге- 9875 адам, Германияға - 1332, Польшаға- 185, АҚШ- қа- 182, Өзбекстанға-127, Беларуське- 119, Қырғызстанға- 81, Канадаға-65, Израильге-58, Түркияға - 51, Моңғолияға- 21, Украинаға-20  тұрақты тұруға кетті. 

Сонымен қатар елге Өзбекстаннан- 3418 адам, Ресейден- 1682, Қырғызстаннан- 324, Түркіменстаннан- 312, Қытайдан- 220, Тәжікстаннан- 168, Ауғанстаннан- 146, Әзірбайжаннан- 143, Түркиядан- 120, Германиядан-105, Монғолиядан-94, Оңтүстік Кореядан -73, Украина мен Ираннан- 59, Грузиядан- 41, АҚШ-тан-38 адам көшіп келді. 

Білім деңгейі бойынша

Қазақстаннан 15 жастан асқандар катарында 3340 адам жоғары білім алған, бұл осы жас санатындағы көшіп- қонушылар санының 35,5% - ы. Кәсіптік орта- 3091 (32,9%), жалпы орта- 2013 (21,4%), негізгі орта-964 (10,2%). 

Ал елге келгендердің арасында 1231 адам (жалпы санынан 17,2%), орта кәсіптік білімі- 2304 (32,3%), жалпы орта білімі- 2234 (31,3%), негізгі орта білімі- 1373 (19,2%).

 Мамандықтар бойынша 

2022 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстаннан техникалық мамандықтары бар 2217 адам көшіп кетті. Экономикалық- 998, педагогикалық- 573, медициналық- 333, заңгерлік- 231, сәулет-құрылыс- 133, ауылшаруашылық - 103, басқалары- 1843. 

Осы уақыт ішінде елге техникалық мамандықтары бар 635 адам көшіп келді. Экономикалық - 300, педагогикалық- 220, медициналық- 145, заңгерлік- 86, сәулет-құрылыс- 72, ауыл шаруашылығы -49, басқа -2028. 

Өңірлер бойынша 

Қазақстаннан кеткен мигранттар Қарағанды облысында- 1641, Павлодар облысында- 1488, Қостанай облысында- 1482, ШҚО- да- 1387, Алматыда- 1168, СҚО- да- 983, Алматы облысында-669, Ақмола облысында- 668, Нұр-Сұлтанда-605 адам  өмір сүрді. 

Ал Қазақстанның жаңа тұрғындары Маңғыстау облысында- 1801, Алматыда -1295, Алматы облысында- 967, Нұр-Сұлтанда- 522, Шымкентте- 496, Қостанай облысында - 325, Түркістан облысында- 308, СҚО - да-276 қоныс тапты. 

Ұлты бойынша 

2022 жылдың І жартыжылдығында Қазақстаннан 8120 орыс, 1232 неміс, 903 украин, 712 қазақ, 323 татар, 200 поляк, 151 белорус, 89 өзбек, 80 кәріс, 47 дүңген, 44 әзірбайжан, 37 молдаван, шешендер, 31 армян көшіп кетті. 

Сонымен бірге елге 3641 қазақ, 1302 орыс, 429 қарақалпақ, 339 өзбек, 211 әзірбайжан, 165 тәжік, 157 кәріс, 148 украин, 132 қырғыз, 111 түрік, 105 татар, 95 ауған мен 89 неміс көшіп келді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.