Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысы биыл аяқталады

Нысан келесі жылы пайдалануға берiлмек

29 ноября 2021 года

Қызылорда облысында 45,2 млрд теңгенің төрт өндірісін ашу жоспарланып отыр, оның ішінде шыны зауытын сынақтан өткізу жұмыстары да бар. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Тәуелсіздік күніне орай Қызылордада 42,1 млрд теңгеге шыны зауытының жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, күйдіру пешінің суық іске қосылуы және сынақ өнімдерінің шығарылуы күтілуде. Бұған дейін бұл өндіріс ошақтарын ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында өткізу жоспарланған болатын.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, бұл өндіріс келесі жылы пайдалануға беріледі. Оның іске қосылуына байланысты ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігі 98%-ға жабылуы мүмкін.

Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, қалған үш өндіріс пайдалануға беріледі. Осылайша, 16 желтоқсанда жылына 180 мың тонна ас тұзын шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ. Инвестициялар – 2,9 млрд теңге.

Сондай-ақ, 49,8 млн теңгенiң күріш жобасы iске қосылмақ. Бұл нысанның қуаттылығы жылына 630 тонна күрішті құрайды. Өңірде кермзит блоктары өндірісінің ашылуы күтілуде, онда жылына 3 млн дана шығарылады. Құны – 130 млн теңге. Әкімдікте атап өткендей, бұл кәсіпорындарда 456 жұмыс орны ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының экономикасы 456 млрд теңгеден астам инвестиция ала алады. 2020-2025 жылдарға 543 млрд теңгеге 41 жобаны іске асыру жоспарланған. Соның есебiнен 7 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.