Өткен жылы 32 мыңнан астам қазақстандық елден кетті

Сонымен бірге елге 11 мыңға жуық адам көшіп келді

10 февраля 2022 года

2021 жылы Қазақстаннан 32 209 адам көшіп кетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға көп, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, сол кезеңде елге 10 982 адам көшіп келген. Бұл 2020 жылға қарағанда 4,1%-ға аз.

Елдер бойынша

Ең көп адам Ресейге – 26 679, Германияға – 3132, Польшаға – 459, АҚШ-қа – 338, Беларусияға – 287, Өзбекстанға – 187, Израильге – 165, Қырғызстанға – 121, Украинаға – 102, Канадаға – 101, Түркияға – 97 адам кетті.

Сонымен қатар Қазақстанға Өзбекстаннан – 4159 адам, Ресейден – 3445, Қырғызстаннан – 559, Әзірбайжаннан – 374, Түркіменстаннан – 345, Тәжікстаннан – 268, Қытайдан – 249, Түркиядан –215, Ауғанстаннан – 187, Германиядан – 183, Монғолиядан – 110, Грузиядан – 95, Ираннан – 80, Беларусиядан – 70, Оңтүстік Кореядан – 62, АҚШ-тан – 61 адам көшіп келді.

Өңірлер бойынша

Қазақстандықтардың басым бөлігі шетелге Қарағанды облысынан – 4603, ШҚО-дан – 4081, Қостанай облысынан – 3367, Павлодар облысынан – 3352, Алматыдан – 3234, СҚО-дан – 2381, Ақтөбе облысынан – 1974, Ақмола облысынан – 1967 қоныс аударған.

Ал ел iшiнде Қазақстан тұрғындары ең көп Маңғыстау облысына – 2730, Алматыға – 1848, Шымкентке – 926, Нұр-Сұлтанға – 769, Қостанай облысына – 732, Түркістанға – 537, СҚО-ға – 518 және Ақтөбеге – 498 қоныс аударған.

Ұлты бойынша

Өткен жылы Қазақстаннан 21 776 орыс, 3041 неміс, 2346 украин, 1613 қазақ, 975 татар, 443 поляк, 438 белорус, 185 кәріс, 134 өзбек, 126 әзірбайжан, 103 молдаван, 93 шешен, 70 башқұрт, 66 грек, 65 армян, 56 ингуш, 54 дұнған және 51 болгар қоныс аударды.

Керісінше осы уақыт аралығында елге 4383 қазақ, 2530 орыс, 661 өзбек, 558 қарақалпақ, 489 әзірбайжан, 284 украин, 278 қырғыз, 271 тәжік, 202 кәрic, 198 түрік, 191 татар, 176 неміс, 125 ауған, 77 армян, 57 шешен, 57 ұйғыр, 47 белорус көшіп келген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан 25 332 адам кетіп, 7246 адам елге келген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.