Түркиялық инвесторлар Қазақстанда жаңа зауыттар салмақ

11 мая 2022 года

Түркиядан келген инвесторлар фармацевтикалық саладағы жобаларды жүзеге асыруға көмек қолын созбақ, деп хабарлайды LS тiлшiсi денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Nobel Ilac компаниясы қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге қосымша $55 млн инвестициялауды, сондай-ақ, Алматыда екінші фармацевтикалық зауыт салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорында саше түріндегі препараттар мен жоғары технологиялық биосимилярлар шығарылатын болады.

Қазіргі уақытта жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы және техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Бұл жұмыстар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқталады.

Бұдан кейін, жобаны 2025 жылдың желтоқсанында толық аяқталып, кезең-кезеңмен іске асырылмақ.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл кәсіпорын экспорттық әлеуетті жандандырып ғана қоймай, ғылыми және кадрлық  мүмкіндіктерді арттырады дейді.

Тағы бір ATABAY KİMYA SANAYİ TİCARET компаниясы зауыт құрылысына $10 млн инвестиция салуға ниетті. Жоба 2023 жылдың соңына дейін жүзеге асырылса 200 жаңа жұмыс орны құрылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Алматыда Iskefe Holding компаниясының қатысуымен желатин өндіретін зауыт салынады деп күтілуде. Ал Шымкентте Coca-Cola Içecek A. Ş алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт пайда болуы мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.