Түркістан облысына туристер ағылуда

Алматыда туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі қысқарды

21 июня 2021 года

Қазақстан 2021 жылдың алғашқы үш айында туризмнен 19 млрд теңгеден астам пайда тапты, деп хабарлайды LS.

Бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 6,9%-ға аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Атырау облысындағы орналастыру орындары қатты зардап шекті. Осы өңірде көрсетілген қызметтер көлемі 74,1%-ға, 420,6 млн теңгеге дейін төмендеген.

Керісінше, Түркістан облысы қайта жаңғыртудан кейін туристерге қызмет көрсету көлемін 2,4 есеге, 704,9 млн теңгеге дейін ұлғайтты. Түркістанның өзінде нысандар құрылысының сапасына күмән келтірілді. Соның ішінде әлеуметтік желі қолданушылары "Керуен Сарай" пенопласт пен сылақтан тұратын фотосуреттерді белсенді түрде жариялайды. Бұған дейін, LS редакциясы аталған туристік кешенді салуға 88,5 млрд теңге бағытталғанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, туризм саласы бойынша 5,3 млрд теңгемен табысты өңiрлер қатарында Алматы қаласы тұр. Алайда, бұл мегаполисте қызмет көрсету көлемі 16,2%-ға қысқарды. Елордада 11,8%-ға, 4 млрд теңгеге дейін төмен. Ал Шымкентте – 32,8%-ға, 1,3 млрд теңгеге дейін өсім байқалады.

Картаны басқа БАҚ-на көшіруге тыйым салынады

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.