Түріктер Қазақстанда жаңа зауыт сала бастады

Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі

23 сентября 2021 года

Жамбыл облысында түрік инвестициясымен зауыт салына бастады, деп хабарлайды LS өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.

Сарысу ауданында жаңа жобаны Yildirim Group (Түркия) жүзеге асыруда. Ақпаратқа сәйкес, мұнда кальцийленген сода өндіретін зауыт іске қосылады.

"Жобаның жалпы сомасы - $400 млн. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.

Пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорында 1,3 мың жұмыс орны құрылады.

Өндіріс қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрады. Болашақта бұл көрсеткішті жылына 1,2 млн тоннаға дейін арттырып, тағы 11 түрлі өнім шығару жоспарланып отыр. Дайын өнім тек ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге де жеткізілетін болады.

"Инвесторлар кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды енгізуге ниетті. Бұдан басқа, қалдықсыз өндіріс жолға қойылады", - деп сендірді әкімдікте.

Бұл зауыт Қазақстанда кальцийленген сода өндірісі бойынша алғашқы зауыт болмақ.

Бұрын хабарланғандай, бұл жобаны іске асыру алдын ала деректер бойынша $270 млн-ға бағаланды, өндіріс қуаты жылына 400 мың тонна өнімді құрайды. Бұдан басқа, осындай жоба Павлодарда іске қосылуы мүмкін. Кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы 77 млрд теңгеге бағаланады. Жобаны іске асыру 2022 жылға белгіленген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.