Президент ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатты

10 июля 2021 года

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін сынға алып, жұмыстан босатты, деп хабарлайды LS.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлайды Ақорда.

Бұл шешім Тоқаевтың кеңейтілген отырыс барысында айтылған сынынан кейін қабылданды.

"Министрлік қажетті жұмысты уақытында өткізе алмады. Сондықтан министр Сапархан Омаров отставкаға кетсе, дұрыс болады деп ойлаймын", - деді ол.

Президент ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейбір облыстарда күрделі жағдай орнағанын айтты.

"Бір Маңғыстау облысында мал өлімі 3 мың басқа жетті. Бір тонна шөп орта есеппен 23 мың теңге, ал кейбір аудандарда 42 мың теңге тұрады. Бұл қандай жағдайға әкелуі мүмкін екенін білеміз. Әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы министрлігі дұрыс шешім мен қажетті шаралар қабылдамады, осыған байланысты біздің фермерлеріміз қиын жағдайға тап болды. Олар маған тікелей жазуға мәжбүр. Бұл табиғи құбылыс, мен түсінемін. Бірақ мұндай қиын жағдайда министрлік тиімді және жедел шешімдер қабылдауы керек еді", - деп түсіндірді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы үкіметке "Атамекен" ұлттық палатасымен бірлесіп, жем-шөп шығаруға уақытша тыйым салу қажеттігін жедел қарастыруды тапсырды.

"Зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін үкімет, әкімдер, даму институттары несиелерді қайта құрылымдауды және жемге қосымша субсидиялар бөлуді қамтамасыз етуі керек. Әкімдіктер ӘКК және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қолайсыз өңірлерде жем- шөпті форвардтық сатып алу үшін фермерлерге жеңілдікті қаржыландыруды жедел түрде қамтамасыз етуі керек", - деді ол.

Бұл мәселе қайталанатын болады, деп есептейді Тоқаев.

"Сондықтан жем-шөп жинау жабдықтарын субсидиялауды қамтамасыз ету қажет. Егін мен құрама жемге арналған компоненттерді форвардтық сатып алу көлемін ұлғайту. Үкімет пен даму институттары жем-шөп өндірісі кезіндегі қуаңшылықтан сақтандыруды жетілдіру және оның қолжетімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Үкімет, мемлекеттік және салалық даму институттары мен одақтар тарапынан болжамды функция аса маңызды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығына арналған жем – бұл өндіріс факторларының бірі, яғни бизнесті жүргізу екенін ұмытпау керек. Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз, оның барлық артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан фермерлер жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығында орнаған мәселелердің шешу жолдары туралы хабарланған болатын. Елде астық пен жем бағасының өсуі күтілуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.