Қазақстан Пәкістанға дейінгі теміржол құрылысына қатысуға ниетті

10 августа 2022 года

Қазақстан Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы темір жол құрылысына көмектесуге ниетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде LS-ке егжей-тегжейін айтты.

Министрлiктiң мәліметінше, "Қазақстан темір жолы "Мазари-Шариф (Ауғанстан)- Кабул (Ауғанстан)-Пешавар (Пәкістан) темір жолының құрылысы үшін материалдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге дайын. Iшкі нарықтан бөлек экспортқа бағдарланған "Ақтөбе-рельс арқалық зауытының" рельстері, сондай-ақ қазақстандық өндірістің шпалдары мен бекітпелері бар. Өз кезегінде ұлттық компания техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін қазақстандық жобалау институттарын тартуға дайын екендерiн жеткізді.

"Бүгінгі таңда Ауғанстанда бағытты анықтау үшін экспедициялық жұмыстар басталды", - деп нақтылады ИИДМ-де.

Министрлiкте аталған учаскенің жалпы ұзындығы шамамен 600 км, оның ішінде 80 км жеті теміржол тоннелі бар екенін атап өтті.

"Бұл бағыт жобаның барлық тараптары үшін экспорттық бағыт қана емес, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін де қызмет етеді деп күтілуде. Жол Термез (Өзбекстан)- Мазари-Шариф (Ауғанстан) - Кабул (Ауғанстан)- Пешавар (Пәкістан) қалалары арқылы өтеді. Бұдан әрі Пәкістан теңіз порттарын пайдалана отырып, ашық теңізге ең қысқа жол ашылады", - деп түсіндірді министрлікте.

Қазақстан үшін пайдасы туралы айта отырып, ИИДМ-де жобаны толық іске асыру кезінде Орталық Азия елдері Пәкістанның ірі теңіз порттарына қол жеткізе алатынын да хабарлады. Бұл ретте Пәкістаннан жүк тасымалдау уақыты 35 күннен 3-5 күнге дейін қысқарады және бір стандартты жүк контейнерін тасымалдау құны үш есеге дейін төмендеуі мүмкін. Осы бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрайды деп болжануда.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әуе қатынасын жеңілдету туралы хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.