Нұрлан Смағұлов жаңа банк ашуға ниетті

Өтінім осы жылдың соңына дейін беріледі

22 сентября 2022 года

Қазақстанда жаңа банк пайда болады. Бұл туралы Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Kazakhstan Growth Forum Форумы барысында ол жаңа қаржы құрылымын құруға тіркелгенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл классикалық банк болмайды.

"Біз банкті тіркеуге өтінім бергелі тұрмыз. Біздің компания Mybank деп аталады. Атап айтқанда, NEO Bank виртуалды болмақ, ол есеп айырысу-кассалық тораптарсыз, инкассациясыз және басқаларсыз қызмет етеді. Яғни бұл классикалық банк емес. Ол автокөліктер мен оларға арналған басқа да аксессуарларға несие берумен айналысады (мобильді қосымшаның көмегімен төлемдер, аударымдар, айырбастау және депозиттік операциялар жүзеге асырылады)", - деп түсіндірді Смағұлов.

Өз сөзінде ол 30 жылдан бері офлайн режимде бизнес жүргізгеннен кейін, жаңа мүмкіндіктерді игеруге мүдделі екенін айтты.

"Біз қаржы секторлардағы әріптестеріміздің жолымен жүріп тәжірибе алсақ дейміз. Сондай-ақ, біз қорландыруға сүйеніп, барлық банктерден бергендеріне қарай барынша несие алдық. Қарыздар сомасы $1 млрд-қа жақындап қалды, банктер бізді енді қорландыра алмайды. Бұл жағдайдан шығудың табиғи жолы-өзіміздің банкімізді құру", - деп атап өтті Н. Смағұлов.

Бизнесмен сондай-ақ, дағдарыс кезінде Astana Group компаниясы жан-жақты әрекет етіп, даму бағытында үлкен қадамдар жасайтынын қосты.

"Біз үлкен мүмкіндіктер алдында тұрмыз және оған көп ұзамай жетеміз", - деп түйіндеді ол.

Кейінірек Astana Group компаниясында LS-ке берген ақпаратынеда жаңа банктің ашылуы қаржы реттеушінің мақұлдауына қарай 2023 жылдың бірінші жартысына жоспарланғанын хабарлады. Өтінім 2022 жылдың соңына дейін беріледі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.