ЕАЭО елдерінің саудасында ресей рублін пайдалану Қазақстанға қалай әсер етпек

20 апреля 2022 года

ЕАЭО-ның мемлекетаралық есеп айырысулар туралы шартына Ресей валютасын қосу туралы LS тiлшiсiне сауда министрлігінде толыққанды айтып берді.

Министрлiкте хабарлағандай, бүгінгі таңда ЕАЭО шеңберінде мемлекетаралық есептеу мәселесі тек одақ елдері арасында кедендік баждардың сомасын бөлу бөлігінде ғана қарастырылуда. Мемлекетаралық есептеулердің өзге де мәселелері талқыланып жатқан жоқ.

Сонымен қатар министрлікте Ресейге қарсы санкцияларға байланысты, мүше мемлекеттердің Ресей мен Беларуське әкелінетін кедендік баждарды доллармен аудару мүмкін еместігін атап өтті.

"Сондықтан тараптар Армения, Қазақстан және Қырғызстан арасында бөлудің қолданыстағы тетігін сақтауға келісті: жиналатын импорттық кедендік баждар бұрынғыдай доллармен бөлінеді және есепке алынады. Ал Ресей мен Беларуське кедендік баждарына қатысты ұлттық жөнелтуші банктердің бағамы бойынша Ресей рублі пайдаланылатын болады", - деп түсіндірді сауда министрлігінде.

Алайда министрлікте ЕЭК ЕАЭО туралы шартқа түзетулер дайындағанына қарамастан, бұл мәселен Қазақстан тарапынан әлі келісілген жоқ деп атап көрсетті.

"Қазақстанның саудасына келетін болсақ, бүгінде Ресеймен өзара сауданың шамамен 80%-ы ресей рублімен жүзеге асырылады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің шешімі. Ал Ресей рублін импорттық кеден баждары сомаларының бөлінуі кезінде айырбастау валютасы ретінде белгілеу ЕАЭО елдерімен өзара саудаға ешқандай әсер етпейді", - деп нақтылады сауда министрлігінде.

Сонымен қатар, ЕЭК Одақ елдерінің ішкі өзара есептеулерінде ұлттық валюталардағы төлемдер біртіндеп артып келе жатқанын хабарлады: 2013 жылғы 63,8%-дан 2021 жылы 74,6%-ға дейін.

"Сонымен бірге доллардың үлесі 2013 жылғы 30%-дан 2021 жылы 19,1%-ға дейін төмендеді. Есептеулердің басым бөлігі Ресей рубліне тиесілі – 72,8% (2013 жылы 63%). Бұл ретте Қырғызстанның Қазақстанмен төлемдер құрылымындағы теңге үлесі өсуде (2013 жылғы 15%-дан 2021 жылы 24%-ға дейін). Егер ұлттық валюталарда өзара есеп айырысуға көшу табысты болса, үлестің 85%-ға дейін немесе одан жоғары өсуін күтуге болады", - деп түйіндеді ЕЭК-те.

Қазақстанның жалпы сыртқы саудасындағы Ресеймен тауар айналымының үлесі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 23,9%-ды құрады. Экспорт бойынша – 11,5% (Ресейге), импорт бойынша – 42,1% (Ресейден).

Сонымен бірге, Қазақстанның Ресейге экспорты 2022 жылғы ақпанда $536,3 млн-ды, ал Ресейден тауарлар импорты – $1,3 млрд-ты құрады, ал 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін Ресейден жеткізілімдер 48%-ға жуық, $11,7 млрд-тан $17,3 млрд-қа дейін өсті.

Бұған дейін, LS ЕЭК мемлекетаралық есептеулерде рубльді пайдалануға қатысты ЕАЭО шартына өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғаны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.