Бельгиялық инвестор Қазақстанда зауыт құрылысын бастап кетті

Оны іске қосу 2022 жылға жоспарланған

9 сентября 2021 года

Қарағанды облысында бельгиялық инвестордың қатысуымен жаңа жоба жүзеге асырылу үстінде, деп хабарлайды LS.

Өңірлік әкімдікте Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндіретін зауыттың құрылысы басталғаны нақтыланды. Кәсіпорында жылына 300 мың тонна дайын өнім шығарылады, кейіннен 600 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.

Жобаны Saryopan Operating жүзеге асырады. Техникалық серіктес – Carmeuse Group бельгиялық трансұлттық компаниясы. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жобаны жүзеге асыру облысқа шамамен 30 млрд теңге әкелмек. 300-ге дейін адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

Кәсіпорынды іске қосу 2022 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Бұған дейін, бельгиялық инвесторлар Қазақстанда әк өндіретін зауыт салатыны туралы белгілі болған еді. Инвестиция сомасы – $55 млн. Кәсіпорында 105 жұмыс орнын ашу көзделген. Кәсіпорын 2020 жылы іске қосылады деп жоспарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.