Бағаның шарықтауы: Қазақстанның қай аймағында тұрғын үй бағасы қымбаттауда

Кейбір өңірлерде тұрғын үй бағасы үштен бірге қымбаттаған

3 марта 2021 года

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй қымбаттаған аймақтарды LS-ке атады.

Министрліктің мәліметінше, бағаның айтарлықтай өсуі қайталама нарықта байқалады. 2020 жылы қайта сату құны өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті. Бағаның өсуі бойынша көшбасшылар қатарында Шымкент (+27,9%), Павлодар (+37,4%), Батыс Қазақстан (+25,5%), Шығыс Қазақстан (+24,5%), Қарағанды (+24,6%) және Қостанай облыстары (+19,4%) бар.

Бастапқы тұрғын үй бір жыл ішінде 293,5 мың теңгеден 307,6 мың теңгеге дейін 4,8%-ға қымбаттады. Бұл ретте бағаның ең жоғары өсуі Павлодар (+30,8), Қарағанды (+22,5%), Ақмола (+16,1%), Ақтөбе облысында (+6,4%) және Нұр-Сұлтанда (+5,1%) тіркелді.

ИИДМ 2020 жылы жылжымайтын мүлікке баға индексінің өсуі бүкіл әлемде байқалғанын атап өтті: Ресейде – 9,6%-ға, Германияда – 7,3%-ға, АҚШ-та – 6,9%-ға, Францияда – 5,7%-ға.

Бұл ретте, ИИДМ болжамдары бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 ш.м. одан әрі өткізу құны салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейіне және өткізу кезінде жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасына байланысты болғанымен, құрылыстың өзіндік құнынан төмен болмайтынын алға тартады.

Министрлікте тұрғын үйдің қолжетімділігі үшін ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар ұсынылатынын айтылды.

"Мемлекеттік инвестициялар және мемлекеттік қолдау шаралары есебінен салынып жатқан тұрғын үйлер үшін үй құрылысының шекті бағалық параметрлері және халықтың сатып алу қабілеті мен нарықтық бағалары ескеріледі. Тұрғын үйдің бір шаршы метрін іске асыру айқындалған және кірістер мен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мүмкіндіктеріне байланысты белгілі бір мақсатты аудиторияға бағытталған (жалға берілетін тұрғын үй жобалары бойынша 140-180 мың теңге, несиелік тұрғын үй жобаларына160-240 мың теңге, пилоттық жобалар үшін 120 мың теңгеге дейін, жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау аясында 220-260 мың теңге", - деп хабарлады министрлікте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS-те аталған мемлекеттік бағдарламалардағы шарттар туралы ақпарат жарияланған болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттің қатысуынсыз тұрғын үй бағасын ұстап тұрудың тәсілі табылғаны жайлы айтылды.

Әкімдіктерге құрылыс салушылардың қаражаты есебінен әлеуметтік объектілер құру үшін жер алуға рұқсат берілуі мүмкін екендігі хабарланды. Сондай-ақ, Қазақстанда кейбір өңірлерде жалға берілетін тұрғын үй 41%-ға қымбаттағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, LS өз санында Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа тұрғын үй бағасы қайта арзандап, ал абаттандырылған қайталама тұрғын үй 32%-ға қымбаттағаны туралы ақпаратты жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.