"Қазатомөнеркәсіп" жекешелендіру аясында өзінің еншілес Kazakhstan Solar Silicon компаниясын сатты, деп хабарлайды LS.
Компания шамамен 5,6 млрд теңге бағалау құны кезінде 322,9 млн теңгеге сатылды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, сату бағасы бағадан 17 есе аз болды. Айта кетейік, сауда саттық мәмілесі кәсіпорынның жарғылық капиталына 100% қатысуымен болды.
Сауда-саттық бағаны төмендету аукционы аясында өтті. Бастапқы баға 16,8 млрд теңгеге жуық болды. Ал кепілдік жарна – 87,5 млн теңгені құрады.
Kazakhstan Solar Silicon жекешелендіру аясында сатылуы жоспарланған "Қазатомөнеркәсіптің" үш еншілес компаниясының ішіндегі ең қымбаты болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында "Қазатомөнеркәсіп" өзінің үш активін сатуға бесінші мәрте тырысты. Қатысушылар санының жеткіліксіз болуына байланысты сауда-саттық жүзеге асырылмай қалды.
Компания сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Kazakhstan Solar Silicon күн энергиясын электр энергиясына айналдыру үшін пайдаланылатын модульдерге арналған кремнийден фотоэлектрлі ұяшықтар өндірумен айналысады. Кәсіпорын Өскемен қаласындағы Жаңа Согра кентінде орналасқан.