Қазақстанның солтүстігінде 29 млрд теңгенің агрожобалары іске қосылмақ

700-ден астам жұмыс орны ашылады

24 сентября 2021 года

Ағымдағы жылдың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында 29 млрд жуық теңгеге жаңа өндіріс ашылмақ. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Жобалардың жалпы құны 28,9 млрд теңгені құрайды, олар агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылады. Әкімдікте атап өткендей, 18 жаңа жоба 700-ден астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, биыл өңірде жалпы құны 6 млрд теңге болатын екі құс фабрикасы ашылады.

Сондай-ақ, шошқа өсіру кешенін 100 мың басқа дейін кеңейту күтілуде. 5 млрд теңге инвестиция салынады. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Тағы да жылына 110 тонна өнім шығаратын шұжық өндірісін жолға қою жоспарлануда. Құны – 64 млн теңге.

Өңірде 650 млн теңгеге ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіретін зауыт салынуда. Нысанда жылына 60 мың тонна өнім шығарылатын болады. Сонымен қатар, 1 млрд теңгеге құрама жем зауыты іске қосылмақ. Қуаттылығы – жылына 100 мың тонна. Биыл 800 млн теңгенің астық қоймасы пайдалануға беріледі.

Өңірде биыл сүт бағытындағы 11 жоба іске қосылады деп күтілуде. Инвестицияның жалпы көлемі – 15,8 млрд теңгені құрайды. Мысалы, 4,8 млрд теңгеге сүт өңдеу бойынша жоба іске қосылады деп күтілуде. Қуаттылығы – жылына 119 мың тонна қаймақ пен сүт.  Сондай-ақ, 600 және 400 басқа арналған сүт-тауар фермаларын ашу жоспарда бар. Бұл фермаларда жылына 20 мың тонна сүт өндіріледі.

Бұған дейін, LS редакциясы СҚО-да агроөнеркәсіптік кешенде қандай топ-10 жоба іске қосылатынын жазған болатын. Инвестицияның жалпы көлемі – 99,9 млрд теңге.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.