Қазақстандықтардың жалақысы төмендеуде – статистика

Теріс динамика жылына алғаш рет тіркелді

16 ноября 2021 года

Қазақстанда 2021 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 245 715 теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш бір жылда алғаш рет төмендеген. Қыркүйек айында орташа жалақы 257 030 теңгеге жеткен болатын.

Бұл деңгейге ол өткен жылдың қазан айынан бастап көтерілді, ол кезде 209 818 теңге тіркелген болатын. Қарашада – 211 033 теңге, желтоқсанда – 220 848 теңге, 2021 жылғы қаңтарда – 222 261 теңге, ақпанда – 223 213 теңге, наурызда – 224 715 теңге, сәуірде – 231 319 теңге, мамырда – 232 347 теңге, маусымда – 242 542 теңге, шілдеде – 252 766 теңге, тамызда – 256 455 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысына келетін болсақ, 2021 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша олар 130 600 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қыркүйекке қарағанда 15,4%-ға жоғары. Аталған кезеңде нақты ақшалай табыс 6%-ға артты, деп хабарлады бюрода.

Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 450,7 мың адамды немесе жұмыс күшінің 4,9%-ын құрағанын еске салды.

"Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы қазан айының соңында 193,5 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,1%-ды құрады", - деп түсіндірді бюрода.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.