Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 41 млрд теңгеден астам қаражат алды

Қаражаттың көп бөлігі рубльмен аударылды

11 февраля 2022 года

Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 41 млрд теңгеден астам қаражат алды, деп хабарлайды LS.

LS-тiң ресми сауалына жауап ретінде зейнетақы қорында 2021 жылы 17,3 мыңнан астам адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты (әр жылдары) төлемдер алғанын хабарлады.

Жалпы сомасы 41,3 млрд теңге. Салыстыру үшін: 2020 жылдың ұқсас кезеңінде салымшылардың саны 18,1 мың адамнан асып, төлемдердің жалпы сомасы 36,8 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: БЖЗҚ

2 мыңнан астам өтініш беруші 41,3 млрд теңгеден ұлттық валютада 5,9 млрд теңге, 14,5 мың адамға рубльмен – 33 млрд теңге, доллармен 343 салымшыға – 1,5 млрд теңге, евромен 163 салымшыға – 720 млн теңге және фунт стерлингпен 22 салымшыға – 110 млн теңге  төлемдер алды.

Фунт стерлингпен төлемдер Ұлыбританияға, Польшаға және Ресейге; доллармен – Ресейге, Беларусияға, Украинаға, Польшаға, Түркияға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, АҚШ-қа, Канадаға және басқа елдерге; евромен – Германияға, Польшаға және басқа елдерге жүргізілді.

"БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары мерзімсіз түрде жеке шоттарда сақталады. Ол төлемдер үшін Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткеннен кейін кез келген уақытта жүгінуге болады", -деп түсіндірді зейнетақы қорында.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-да түрлі елдерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алған салымшылардың жалпы саны бойынша 2020 және 2021 жылдарға арналған салыстырмалы кесте ұсынылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.