Қазақстандықтар үшін электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Энергия өндіруші ұйымдарға сәуір айынан бастап шекті тарифтер өзгерді

8 апреля 2021 года

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері көтерілді. LS редакциясы жарықтың қаншалықты қымбаттайтынын анықтап бiлді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) баспасөз қызметінің болжамы бойынша, елдегі тұтынушылар үшін тарифтер орташа есеппен 1 кВтсағ үшін 12,7%-ға өсуі мүмкін. Алайда, тариф құның қайта қарауға өтінімдер әлі де қабылданып қаралады. ТБРК-де тұрғындар үшін тарифтердің өсуін азайту бойынша шаралар қабылдануда деп сендірді.

Мемлекеттік мекемеде 37 энергия өндіруші ұйымның шекті тарифтерін энергетика министрлігі орта есеппен 15%-ға бекіткенін қосты. Оның ішінде мемлекеттік реттеу қолданылатын 27 кәсіпорында өсім орта есеппен 20%-ды құрайды.

Өз кезегінде энергетика министрлігі шекті құнның артуын түсіндіре отырып, 2020 жылы энергия активтерінің тозуы 53%-ды құрағанын хабарлады. Ал ажыраудың жиілеп кеткен жағдайлары Қазақстанның бүкіл энергия жүйесінің апат қаупіне алып келеді. Сондықтан жылу электр энергетикасына шекті тарифтер 15%-ға артты. Табыстың артуы электр желілерін жөндеп, тозуын азайтуға қаражат жұмсауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Өз кезегінде, сарапшы Жақып Хайрушев LS-ке берген сұхбатында тарифтердің көтерілуі Қазақстанда электр энергиясының тапшылығын болдырмауға қаншалықты ықпал ететіні туралы өз пікірін білдірген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.