Қазақстанда жеңілдетілген жаңа ипотека әзірленiп жатыр

20 мая 2022 года

Қазақстанда жас отбасыларға арналған жаңа жеңілдетілген ипотека іске қосылады, деп хабарлайды LS.

Жаңа бағдарламаның жай жапсары туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді.

"Бірінші "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасында тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламалары шеңберінде жас отбасылар үшін 25% квота көзделген. Екінші: 2025 жылға дейін барлық өңірлерде Отбасы банкінен жеңілдетілген ипотеканы іске қосу жоспарланып отыр", – деді ол.

Сонымен қатар, ол жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында іске асырылып жатқанын еске салды.

Тоғжановтың айтуынша, жыл соңына дейін осындай бағдарламаларды басқа өңірлерде де іске қосу күтілуде.

"2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастарға 12 мың пәтер берiлмек. Төртінші: жыл соңына дейін жастар үшін ай сайынғы табысты растауға қойылатын талаптар бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Мәселен, жалға берілетін тұрғын үй қағидаларына 40 АЕК-тен (122,5 мың теңге) 25 АЕК-ке (76,5 мың теңге) дейін төмендету қарастырылған. Бұл жастардың жалға берілетін тұрғын үй алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді", - деп есептейді Тоғжанов.

Бесіншіден, Отбасы банкінде 25 жасқа дейінгі жастардың 250 млрд астам теңгеге 500 мың депозит ашылған.

"2025 жылға қарай жастардың тұрғын үй жинақтарының санын 800 мың депозитке дейін жеткізу жоспарлануда. Ол үшін қаржылық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұрғын үй құрылысының құны 50%-дан астам өскен.

Соңғы жылдары елде тұрғын үй құрылысының көлемі артқанмен, жылжымайтын мүлік нарығындағы сатып алу белсенділігі төмендеп барады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.