Қазақстанда OneWeb және Starlink спутниктері қашан жұмыс істейді. Бұл туралы цифрлық даму министрлігінде мәлiмет бердi, деп хабарлады LS.
Министрлiктiң мәліметінше, британдық OneWeb және Starlink орбиталық жүйелерінің геостационарлық емес спутниктерін SpaceX-тен орналастыру 2022 жылдың соңына дейін жоспарланған. Олардың есебінен 617 ауылдық елді мекен интернетпен қамтылады.
"Геостационарлық емес спутниктері қолданыстағы байланыс операторларының желілеріне функционалды қосымша болады. Осылайша қамту аймағы кеңейтiледі", - деп түсіндірді министрлікте.
Министрлiктiң ақпараты бойынша, бүгінде жалпы саны 127 мың тұрғыны бар 1,2 мың ауылдық елді мекен кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілмей отыр. Оның ішінде 561 нысан 2024 жылға дейін байланысқа қосылмақ. Жобаны салық жеңілдіктері аясында байланыс операторлары жүзеге асыратын болады.
2020 жылы халық саны 250 адамнан асатын 928 ауылда интернет жүргізілді. Нәтижесінде байланыспен 5,3 мың елді мекен қамтылды.
Бұл ретте Қазақстанда трафик 2020 жылы 1,5 есе 7,1 млрд Гб-қа дейін өсті. Байланыс операторларының ақпараты бойынша, өткізу қабілетінің жалпы көлемінің 1,6 мың Гбит/с 1,4 мың Гбит/с пайдаланылады, бұл 88%-ды құрап отыр.
Цифрлық даму министрлігінде хабарлағандай, ағымдағы жылдың 1 қарашасына байланыс операторларына нашар интернет байланысы үшін 99,1 млн теңге айыппұл салынды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,1 есе көп. Осы себепті Қазақстанда ұялы байланыс операторларынан пайдаланылмайтын жиіліктерді алу ұсынылады.
ЅрасеХ – американдық ғарыштық технологиялар компаниясы, оның негізін қалаушы Илон Маск.