Қазақстанда ресей валютасының артық мөлшері байқалды

1 июня 2022 года

Ұлттық банк қаржы институттарында Ресей валютасының артық мөлшерде барын растады, деп хабарлайды LS.

LS-тің сауалына жауап ретінде Ұлттық банкте рубльдің артық болуы бірқатар факторларға байланысты екенін түсіндірді.

"Қазіргі уақытта банктердің Ресей валютасындағы артық қолма-қол ақшаны уақытша жинақтауы байқалады. Бұл жеке және заңды тұлғалар тарапынан еркін валютаға және теңгеге айырбастауға рубль ұсынысының елеулі ұлғаюымен, сондай-ақ, қолма-қол шетел валютасын Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге тыйым салумен байланысты", - деп хабарлады Ұлттық банкте.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы наурызда Қазақстаннан $10 мың эквиваленттен асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.