Қазақстанда көліктің жаңа үлгілері шығарылмақ

Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодарда 110 электр зарядтау станциясы орнатылды

4 ноября 2021 года

Қазақстанда автокөліктердің жаңа үлгілері жинала бастайды, деп хабарлайды LS.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, экологиялық таза көлік өндірісін дамыту үшін Саран және Алматы қалаларында YUTONG және Golden Dragon электр автобустарын құрастыру басталды. Қостанайда JAC iEV7s электромобилінің өндірісі жолға қойылған.

"Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап Hyundai I oniq электромобильдері, сондай-ақ 2023 жылдан бастап KIA V6 өндірісі басталады", - деді ол.

Бұл ретте көліктің осындай түріне инфрақұрылым жасау үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодарда 110 электр зарядтау станциясы орнатылды.

"Қазақстандықтарды электр тартымы бар автомобильдерді сатып алуға ынталандыру үшін олардың иелері көлік салығын төлеуден босатылды", - деп түйіндеді Өскенбаев.

 Бұған дейін, Қазақстанда қандай электромобиль шығарылатыны хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.