Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы күтілуде

Мәселені шешу үшін жаңа генераторлық қуаттарды енгізу қажет

17 января 2022 года

Алдағы екі жылда Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы байқалатын болады. Бұл туралы LS-ке құзырлы мекемеде хабарлады.

Энергетика министрлігінде 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімге сәйкес 2022-2023 жылдары елде электр қуатының тапшылығы күтілетінін айтты. Оның ішінде 2022 жылы – 4,8 млрд кВтс, 2023 жылы – 1,3 млрд кВтсағ. Бұған себеп тұтынудың күрт өсуі.

Соңғы жылдары жарық қолдану 2-3% өсті. Алайда, 2021 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш бірден 6,9%-ға, 102,9 млрд кВтс-қа дейін көтерілген. Бұл инвестициялар ағынын майнингтi жүзеге асыруға пайдаланылғандықтан электрдi көп қолданумен байланысты болып отыр. Егер тұтыну қуаты 100 МВт болатын өнеркәсіптік зауыттың құрылысы үш жылдан бес жылға дейін қажет болса, онда бірдей қуат тұтынуы бар майнингтi деректер орталығын салу үшін бірнеше апта қажет. Бұл көлеңкелі майнинг тапшылығына да әсер етпек.

"KEGOC жүйелік операторының ақпаратына сәйкес, 2022 жылы жұмыс істеп тұрған энергия көздері халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің электр энергиясын болжамды тұтынуын толық көлемде қамтымайды", - деп атап өтті ведомствода.

Энергетика министрлігі орта мерзімді тапшылықты жабу үшін Жамбыл мемлекеттік үлгідегі аудандық электр станциясы (МАЭС) қосымша жүктелетінін жеткізді. Сондай-ақ, импортталатын электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатып, алу-сату тетігін енгізу жоспарлануда.

Мәселені ұзақ мерзімді шешу үшін жаңа өндіруші қуаттарды енгізу қажет – 2035 жылға қарай шамамен 19 ГВт. Оның ішінде 10 ГВт-ға дейін жаңартылатын энергия көздері барынша жүзеге асырылмақ.

"Жаңа генерациялау көздерін салу бойынша инвестицияларды қайтару электр қуаты нарығының қолданыстағы тетіктері және жаңа генерациялау жобалары бойынша күрделі шығындарды біркелкі бөлуді қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көзі (ЖЭК) қолдау тетігi шеңберінде жүзеге асырылатын болады", - деп түсіндірді министрлікте.

Бұған дейін, LS редакциясы энергетика министрлігінде электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешудің жолын тапқанын хабарлады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.