Қазақстанда ең төменгі кепілді зейнетақыны кім алады?

Ең төменгі кепілді зейнетақы адамдардың өмір сүру деңгейін сақтауға көмектеседі

3 февраля 2020 года

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2028 жылдан бастап ең төменгі кепілді зейнетақыны кім ала алатындығы туралы айтты, деп хабарлайды LS тілшісі

Ведомство басшысы Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, ең төменгі кепілді зейнетақы бүгінгі базалық зейнетақы төлемін 2028 жылға қарай ауыстырады деп жоспарлануда.

 "1998 жылға дейін жұмыс өтілі бар жинақтаушы және ортақ зейнетақы алатын азаматтар жыл сайын азаятынымен оның жүргізілуі дәлелденген. 2043 жылға қарай мемлекеттен еңбек зейнетақысы тағайындалатын жаңа адамдар болмайды деп болжануда, тек базалық зейнетақы ғана қалады. Сондықтан 2028 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі кепілді зейнетақыны енгізу ұсынылды. Ол бүгінгі базалық зейнетақы төлемін ауыстырады",-  деді ол.

Министр ең төменгі кепілді зейнетақы төлеу маханизмі туралы да айтып берді.

"Егер бүгінгі күні 10 жылдан кем еңбек өтілі бар адамдар үшін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54%- ды құраса, одан кейін еңбек өтілі ескеріледі және оның ең жоғарғы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1% - ға дейін жеткізіледі. Онда еңбек министрлігі ең төменгі кепілді зейнетақы бес жылдан кем, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%- ы, ал одан әрі 1,5 күнкөріс минимумына дейін өсе алатынын ұсынады", - деп түсіндірді ол.

Бұл ұсыныс мемлекет тарапынан кепілдік берілетін құрамдас бөлік жинақтаушы жүйемен бірге табыстың кемінде 40% орнын ауыстыруды қамтамасыз ету мақсатында есептелді, деп жалғастырды Нұрымбетов.

 "Ол зейнетке шыққаннан кейін де  адамдардың өмір сүру сапасын төмендетпеу үшін бөлінеді",- деп түйіндеді министр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.