Қазақстанда байқуатты кәрілік кімдерді күтеді

Ең аз ақша Түркістан облысы тұрғындарының шоттарында

12 августа 2021 года

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 12,8 трлн теңгеден асты. LS редакциясы кәрілікке кім ең көп ақша жинағанын білді.

Ұлттық банктің деректері бойынша, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша міндетті жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10,9 млн жуық, ал жинақтар сомасы – 12,4 трлн теңгені құрады.

Егер жас санаттарын қарастыратын болсақ, онда салымшылардың шоттарында жинақталған:

  • 31 жастан 40 жасқа дейін – шамамен 3,7 трлн теңге;
  • 41 жастан 50 жасқа дейін – 3,67 трлн теңге;
  • 51 жастан 60 жасқа дейін – 3,22 трлн теңге;
  • 21 жастан 30 жасқа дейін – 1,1 трлн теңге;
  • 61 жастан 70 жасқа дейін – 681,8 млрд теңге.

Ең аз ақша 20 жасқа дейінгі салымшылардың шоттарында – 14 млрд теңге, 71 жастан 80 жасқа дейін – 4,8 млрд теңге және 81 жасқа дейін – 799,6 млн теңге сақталды.

Өңірлер бөлінісінде зейнетақы қаражатының ең көп үлесі дәстүрлі түрде Алматыдағы (2,4 трлн теңге), Нұр-Сұлтандағы (1,2 трлн теңге) және Қарағанды облысындағы (1,1 трлн теңге) шоттарда шоғырланған.

Сондай-ақ, айтарлықтай соманы ШҚО тұрғындары – 937 млрд теңге, Шымкент – 934 млрд теңге, Атырау – 666,5 млрд теңге және Ақтөбе облыстары – 651,7 млрд теңге жинады.

Ең аз қаражат СҚО салымшыларында – 345,7 млрд теңге, Қызылорда облысында – 393,7 млрд теңге және Түркістан облысында – 36,3 млрд теңге болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.