Қазақстанда АЭС 2035 жылға дейін салынуы мүмкін

24 мая 2022 года

Қазақстанда атом электр станциясы (АЭС) салудың алдын ала мерзімі белгілі болды. Бұл туралы Алматыда АЭС құрылысының экономикалық аспектілерін талқылау жөніндегі отырысында белгілі болды, деп хабарлайды LS.

"Қазақстандық атом электр станцияларының" бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, егер Қазақстан өнiм беруші ретінде шешім қабылдап, 2023 жылы техникалық-экономикалық негіздемесi әзірленсе, онда АЭС пайдалануға 2035 жылы берiлуi мүмкін.

"Егер үкімет АЭС салу бойынша тиісті шешім қабылдап, 2023 жылы Қазақстан технологияларды жеткізуші инвесторларын анықтаса, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін болады", - деп нақтылады Жантикин.

Алдын ала есептеулер бойынша АЭС-тің екі блогының (1-1,2 мың МВт) құрылысы $6 млрд-тан $12 млрд-қа дейін ($1 үшін 424,84 теңге бағамы бойынша 2,5 трлн-нан 5,1 трлн теңгеге дейін) құрауы мүмкін. Жантикиннің айтуынша, қаржыландыру қарызды тарту және өз қаражатын 80% - 20% арақатынасында пайдалану арқылы жүзеге аспақ.

Оның айтуынша, шағын модульдік реакторларды ұсынатын ықтимал деген алты технологиялық жеткізуші компаниялар арасынан АҚШ компаниялары кейінге қалдырылды. Франция, Ресей, Қытай және Корея компанияларымен серіптестік қарым-қатынас өзгеріссіз қалды.

АЭС локациясы ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы қарастырылып отыр.

Алдын ала есептеулер бойынша, Қазақстанға қуаты 1 мыңнан 1,4 мың МВт дейінгі станция салу қажет.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.