Қазақстанда 13 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұруға рұқсат алды – ІІМ

5 октября 2022 года

Жыл басынан бері * 13 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды. Бұл туралы LS-ке ішкі істер министрлігінде (ІІМ) хабарлады.

Мемлекеттік органның мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,5%-ға артық.

Тұрақты тұруға рұқсат алған 13,8 мың шетелдіктің ішінде 3,8 мыңы Ресей азаматтары. Сондай-ақ, 4,5 мың – Өзбекстан азаматтары, 660 – Қырғызстан, 515 – Тәжікстан, 313 – Әзірбайжан, 253 – Қытай азаматтары және басқалар.

Осы кезеңде Қазақстан азаматтығын алуға 11,4 мың адам жүгінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға аз. Оның ішінде Өзбекстаннан 7,4 мың, Ресейден 1 мың, Қытайдан 787, Түркіменстаннан 652, Қырғызстаннан 639 және басқалар.

21-26 қыркүйек аралығында ішкі істер органдарына тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішті 466 шетелдік берген.

Сонымен қатар, цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің мәліметінше, 21 қыркүйектен бастап 70 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды.

Министрдiң айтуынша, ЖСН тек банк карточкаларын алу үшін ғана қажет емес. Сондай-ақ, адамның барлық іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді. Мәселен, қайда барды, қандай айппұл алғанын, тіркелуін анықтауға болады. Осылайша, шетелдіктерді қадағалау жүзеге асырылады.

*2022 жылғы 1 қаңтардан 26 қыркүйекке дейін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.