Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болады

16 марта 2022 года

Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

"Семей өңірінде Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығына айналады. Мен аймақ тұрғындарының бұл мәселені бұрыннан айтып келе жатқанын білемін. Қазір шешілмеген мәселелер көп. Мысалы, өңірдің ішкі инфрақұрылымы толығымен тозған", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынды.

"Жезқазған қаласы тағы да облыс орталығына айналады. Бұл өңірде дербес облыс құру – экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да маңызды шешім", - деп түсіндірді Тоқаев.

Екі облысқа бөлінетін келетін тағы бір облыс – Алматы.

"Алматы агломерациясында көптеген проблемалар бар. Осы және басқа мәселелерді ескере отырып, мен бұл аймақты екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылатын болады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласында орналасуы тиіс. Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", - деді президент.

Сондай-ақ, қала тұрғындары Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне Қапшағай атауын өзгертуді ұсынған жағдайда, Тоқаев қолдауға дайын екенін жеткізді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.