Қазақстанда әйелдер ипотекасы қайта қаралмақ

Ол 2021 жылдың сәуірінде іске қосылған еді

20 января 2022 года

Қазақстанда әйелдер ипотекасы бойынша отбасының максималды табысы туралы шарт қайта қаралмақ, деп хабарлайды LS.

LS-тiң ресми сауалына жауап ретінде Отбасы банкiнде "Ұмай" бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап (12 сәуірден) 1250 өтінім берілгенін атап өтті. Оның ішінде 8,4 млрд теңгеге 954 мақұлданды.

"Әйелдер ипотекасы Азия даму банкінен 38 млрд теңге көлемінде қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бірінші транш (8,4 млрд теңге) игерілді", - деп түсіндірді Отбасы банкінде.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттары бойынша несиенің жылдық мөлшерлемесі  12%- ды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу 12,2%-дан бастап) құрайды,кейіннен 5-3, 5%-ға дейін төмендейді, мерзімі – 25 жылға дейін, отбасының ең жоғары табысы – 320 мың теңге.

"Соңғы тармақты қайта қарау жоспарлануда. Отбасы табысының шегі көтеріледі. Қазіргі уақытта жаңа жағдайлар келісілуде", - деп хабарлады қаржы институтында.

Сонымен қатар, Отбасы банкiнде биылғы жылы даму әлеуеті төмен моноқалалардың қоныс аударатын тұрғындарын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Ол бастапқы жарнасы 10%-дан бастап 2-5% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесін көздейді. Қазіргі уақытта бағдарлама дайындалу үстінде.

"2021 жылы жалпы 19,8 мыңнан астам несие берілді. "Бақытты отбасы" бағыты бойынша – 4 162, "Шаңырақ" – 10 835 және "Нұрлы жер" бойынша – 4 894 несиелiк қарыз", - деп түйіндеді Отбасы банкiнде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.