Қазақстанда қандай тауарлар қымбаттады

1 июля 2022 года

2022 жылғы маусымда жылдық инфляция 14,5%-ды құрады. Бұл туралы статистика бюросы деректер келтірді, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтерi бойынша 2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 13,2%-ға, ақылы қызметтерге – 9,2%-ға өсті.

"Азық-түлік нарығында бiр жыл iшiнде бағаның ең көп өсуі құмшекерге – 78,7%, қырыққабатқа – 72,4%, басты пиязға – 69,3%-ға байқалды. Картоп бағасының 9,8%-ға төмендеуі байқалды", - деп хабарлады бюрода.

Басқа өнімдерге келетін болсақ, ұн жыл ішінде 33,1%-ға, макарон өнімдері – 30,1%- ға, құс еті – 29,7%-ға, жарма – 28,5%-ға, қатты ірімшік – 26%-ға, ұн және нан өнімдері – 25,4%-ға және жаңа піскен жемістер – 25,3%-ға қымбаттады.

Бұл ретте азық-түлік емес тауарлар бір жыл ішінде 13,2%-ға қымбаттады.

"Жеке пайдаланылатын тауарларға баға деңгейі 23%-ға, жуу және тазалау құралдарына – 20,8%- ға, тұрмыстық аспаптарға – 19,7%-ға, құрылыс материалдарына – 18,6%-ға, жиһаз бен үй тұрмысындағы заттарға – 18,2%-ға, автомобильдерге – 15,1%-ға, ыдыс-аяққа – 13,9%-ға, тоқыма бұйымдарына – өсті 10,8%-ға, фармацевтикалық өнім – 9%-ға артты", - деп мәлімдеді мемлекеттік мекемеде.

Ал ақылы қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 9,2%-ға өсті, деп жалғастырды бюрода.

"Баға деңгейі қоғамдық тамақтану қызметтеріне 15,9%-ға, денсаулық сақтау – 14,7%-ға, санаторийлер – 13,7%-ға, кешенді демалысты ұйымдастыру – 13,2%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне – 12%-ға, қонақ үйлер қызметтеріне – 5,7%-ға өсті. Жолаушылар көлігі қызметі 4%-ға қымбаттады", - деп хабарлады статистика бюросында.

Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына 7,5%-ға, қоқыс шығаруға – 2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,4%-ға өсті, ал орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға – 0,9%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, инфляция жыл басынан бері (қаңтар-маусым) 10,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша – 15,7%, азық-түлік емес тауарлар бойынша – 8,4%, қызметтер бойынша – 5,3%.

Ал мамыр айындағы бағаның өсуі 1,6%. Азық-түлік тауарлары бойынша – 1,9%, азық- түлік емес тауарлар бойынша –1,9%, қызметтер бойынша – 0,8%.

"2022 жылдың қаңтарынан бастап тұтыну бағаларының индексін құру кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 30,2%-ды, ақылы қызметтердің үлесі 29,1%-ды құрайды", - деп түсіндірді бюрода.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.