Қазақстанда қандай шарттармен ипотекаға үй алуға болады

10 февраля 2023 года

LS тілшісі қазақстандық екінші деңгейдегі банктерде қандай ипотекалық қарыз берілетіні турасында шолу жасады.

Барлық дерлік банктерде ипотеканың бірнеше түрі бар – стандарттыдан бастап бастапқы жарнасыз және кепілсіз несиелерге дейін. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19%-дан 22,5%-ға дейін. Сонымен қатар, несиенің максималды сомасы клиенттің төлем қабілеттілігіне байланысты болуы мүмкін.

Халық банкі

Ипотека пайдалануға дайын жылжымайтын мүлікті, жеке құрылыс үшін жер учаскелерін сатып алуға, сондай-ақ тұрғын үйді жөндеуге беріледі. Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін, ал бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды. Несиені қаржы ұйымының бөлімшесінде рәсімдеуге болады. 

Центр Кредит банкі

Несие бастапқы және қайталама нарықтарда үй сатып алу үшін беріледі. Бұл ретте табысты растайтын және бастапқы жарнасы 20%-дан 30%-ға дейінгі сегмент үшін тұрғын үй құны бойынша шектеулер бар. Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Өскемен үшін – 40 млн теңге, ал қалған өңірлер үшін – 25 млн теңге.

Сондай-ақ, банкте бастапқы жарнасыз ипотека бар, бірақ оны алу үшін пәтерді немесе тұрғын үйді кепілге қою керек. Бұл қарыз алушының үйі ғана емес, оның туысы немесе жақын адамы болуы мүмкін. Сонымен қатар, кепілге қойылған мүліктің орналасқан жері маңызды емес, алайда белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс. Бұл ипотека Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.

Жалпы, әрбір ипотека бойынша несиелеу мерзімі 15 жылдан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 80-100 млн теңгеге дейін, ал бастапқы жарна – 20%-дан.

ForteBank

Қарыз 20 жылға дейінгі мерзімге жылжымайтын мүлік кепілімен беріледі. Бастапқы жарна 15%-дан асады. Несиелеудің ең жоғарғы құны – 50 млн теңге.

Аltyn Bank

Банкте ипотеканың бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы үшін мерзімі 20 жылға дейін, ал бастапқы жарна 20%-дан басталады. Олардың бірі елордада (30 км радиуста), Алматыда, Шымкентте, Атырауда және Ақтауда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін беріледі.  Несие сомасы – 175 млн теңгеге дейін. Тұрғын үй несие қосымшаның көмегімен немесе банк бөлімшесіне өтінім жіберу арқылы рәсімделеді.

Сондай-ақ, "Оңай цифрлық ипотекасы" бар, оның көмегімен салынып жатқан кешендердің бірінен 80 млн теңгеге дейінгі сомаға пәтер сатып алуға мүмкіндік бар.

Freedom Bank

Қаржы институтында цифрлық қайталама тұрғын үй ипотекасы бар. Оны клиенттер 21 жастан бастап, бірақ қарыз мерзімі аяқталған кезде 63 жастан аспайтын мерзімде ресімдей алады. Несие алу үшін 30% бастапқы жарна төлеу керек. Несиелеудің ең ұзақ мерзімі – 15 жыл.

1965 жылдан кем емес көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй қайталама жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылады. Пәтердің ең төменгі ауданы кемінде 29 шаршы метр болуы тиіс. 

Сонымен қатар, бұрын Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін толығымен онлайн тіркеуге мүмкіндік беретін платформаны таныстырған болатын.

Нұрбанк

Банкте 50 млн теңгеге дейін несие мақұлдай алады. Бастапқы жарна 30%-дан басталады. Сондай-ақ, "Нұр Шаңырақ" бағдарламасы бар, оның көмегімен банктің кепілінде немесе балансында тұрған тұрғын үйді сатып ала алады. Шарттардың ішінде – мүлік құнының 90%-ға дейінгі сомасы, сондай-ақ бастапқы жарнаны – 10%-зы  болуы керек.

Қазақстанда сондай-ақ, Al Hilal банкі беретін исламдық ипотека бар. Алайда, қазіргі уақытта банк несие беруді уақытша тоқтатты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.