Қазақстан кәсіби кадрларын жоғалтуда

Қандастар арасында білім деңгейі төмен

6 мая 2021 года

Қазақстанда халықтың елден кетуі, келу қарқынынан едәуір асып түседі, деп хабарлайды LS.

"Еңбек нарығын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына" сәйкес Қазақстаннан кадрлардың кетуі 4,5 есеге – 2010 жылы 2,5 мың адамнан 2020 жылы 11,2 мың адамға дейін ұлғайды.

"Елден кету қарқыны келу қарқынынан едәуір асып түседі", - делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құжатында.

Шетелге шығатын қазақстандықтар мамандықтарының бағыттары бойынша бірінші орындарды техникалық (жыл сайын шамамен 29%), экономикалық (шамамен 15%), педагогикалық (шамамен 11%), сондай-ақ басқа да мамандықтардың (шамамен 29%) өкілдері алады.

"Осыған байланысты Қазақстан өз отандастарының қоныс аударуына белсенді ықпал етуде. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1,07 млн этникалық қазақ оралды. 2021 жылдың І тоқсанында тарихи отанына 3 966 адам келіп, қандастар мәртебесін алды. Олардың 60%-ын еңбекке қабілетті жастағы адамдар құрайды", - деп хабарлады еңбек министрлігінде.

Сонымен қатар, қандастардың арасында білім деңгейі төмен көрсеткіш байқатты. Олардың 11,5%-ның ғана жоғары білімі болса, 39%-ның арнайы орта білімі бар.

Бұдан басқа, Қазақстанда өңірлік сәйкессіздік байқалады. Халық саны бойынша Түркістан облысы ғана Қазақстанның солтүстік үш облысына сәйкес келеді. Бұл ретте, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда табиғи өсу қарқыны нөлге жақын және халықтың үлесі 60 жас және одан жоғары (15-19%, ҚР – 12%).

Өңіраралық еңбек ұтқырлығы деңгейі Қазақстандағы өңірішілік еңбек ұтқырлығы деңгейінен 1,5 есе артта қалып отыр. Сонымен бірге, сауалнамаларға сәйкес, оңтүстік аймақтардағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың тек 7%-ы жұмыс істеу үшін елдің басқа (солтүстік) аймағына көшуге дайын екендіктерін білдірген, ал респонденттердің 92,6%-ы көшуге дайын емес немесе көшуге негіз жоқ екенін атап өткен.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.