Қазақстан Иранға бағалы металдар сатып, құрма сатып алады. Инфографика

Қазақстанның Иранға экспорты импорттан 7 еседен жоғарыға асып түсті

25 января 2016 года

Қазақстан Иранмен экономикалық қатынастарын нығайтуға ниетті. Соның ішінде, Алматыдан Тегеренға тікелей әуерейтері іске қосылды. LS екі елдің өзара сауда қатынастарын қарап шықты.

Қазақстан 2015 жылдың қаңтар-қарашасында Иранға 424,5 мың тонна арпа және 163,7 мың тонна бидай экспорттады. Оған мемлекеттік кіріс комитетінің  LS-ке ұсынған мәліметтері дәлел бола алады. Сондай-ақ жалпақ темір мен болат прокаты да айтарлық өскені тіркелген.

Бұдан бөлек, Қазақстан бидай қалдығын, калий тыңайтқышын, малға арналған жем мен бағалы металл жеткізеді.

Қазақстанның Иранға экспортының жалпы көлемі 2015 жылы 11 айда 494,4 млн. $-ды құрады.

Өз кезегінде Ираннан әкелінетін тапсырыс көлемі қаражатқа шаққанда 65,2 млн. $-ды ғана құрап, 7 еседен астамға кем болды.

Қазақстан Ираннан құрма (15,1 мың тонна), жүзім (6,7 мың тонна), жаңғақ (4,1 мың тонна) және көкөніс (6,3 мың тонна), оның ішінде картоп (4 мың тонна) импорттайды. 

Иран сонымен қатар Қазақстанға құрылыс материалдарын да сатады. Оның ішінде портландцемент, мрамор, травертин, бояу және лак, төсеніш плиталары және тағы басқалар бар.

Еске салайық, Ираннан 16 қаңтардан бастап 2005 жылы енгізілген халықаралық санкциялар алынып тасталды.

Kaz_kazinf.jpg

Басқа инфорграфикалар

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.