Қандай аймақтарда жаңа жұмыс орындары ашылмақ

2025 жылға дейін Қазақстанда қосымша еңбек орындарын ашуға мүмкіндік беретін 172 жоба жүзеге асырылады

13 февраля 2020 года

Биыл жаңа өндірістерді іске қосу есебінен 17 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. LS тілшісіне индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде еліміздің қай өңірінде олар құрылатынын және қандай жобалар есебінен жасалатынын айтып өтті.

LS-ге  түсіндіргендей, ең көп жұмыспен Алматы облысының тұрғындары қамтамасыз етіледі, онда 3 мыңға жуық орын ашу жоспарлануда. Одан әрі тізімде Қарағанды және Түркістан облыстары. Бұл өңірлерде 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, Шымкент пен Алматыда жыл қорытындысы бойынша тиісінше 1,5 мың және 1,2 мың жұмыс орнын ашуға уәде беріледі.

Ведомствода атап өткендей, жаңа жобалар жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласында жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, жұмыс орындары тау-кен металлургия, жеңіл, мұнай-химия және фармацевтика өнеркәсібінде және басқа да салаларда құрылатын болады.

Сонымен қатар, биылғы жылы Ақтөбе облысында 28,8 млрд теңгеге жаңғыртылған байыту фабрикасын іске қосуға уәде беріледі. Кәсіпорында мыс-мырыш кеніне мыс өңдеу жоспарланып отыр. Бұл жобаның инвесторы-ресейлік компания.

Елдің оңтүстігінде қытайлық инвестормен бірге 18,7 млрд теңге құрайтын металлургиялық зауыты іске қосылады. Жамбыл облысында 380 млрд. жобаға минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салынуда. Жоба ресейлік компаниямен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, химиялық өнеркәсіпке инвесторлар 200 млрд теңгеден астам қаржы салған болатын. Сонымен қатар, премьер-министр Асқар Мамин инвестициялық қызметті жандандыру үшін 44 трлн теңгеге 2 мыңнан астам жобадан тұратын пул құрылғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2020 жылы экономиканың барлық салаларында 430 мың жаңа жұмыс орны құрылады, оның ішінде өнімділігі жоғары. Сондай-ақ, LS-ге  СІМ хабарлағандай, 2025 жылға дейін Қазақстанда $46 млрд. болатын шетелдік инвесторлардың қатысуымен 172 жоба жүзеге асырылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.