Алматының Төле би көшесіндегі жер учаскелер сатып алынуда

11 августа 2022 года

Алматыда Төле би көшесін тесу 2024 жылы аяқталады, деп хабарлайды LS.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қалада Төле би көшесін ұзарту жалғасуда, оның барысында жер учаскелері сатып алынады. Осы күні 270 учаскенің 59-зы сатып алынды. Сондай-ақ, инженерлік желілерді шығару жұмыстары жүргізілуде. Көшелерді ұзарту жұмыстарын аяқтау 2024 жылға жоспарланған. 

Көлік инфрақұрылымы туралы айта келе, әкім Әуезов ауданында ұзындығы 16,9 км 17 көше мен өтпе жолдардың орташа жөнделуі аяқталғанын айтты. 

2023 жылдың соңына дейін 67 көшеде 44 км арық желісін салу және қайта жаңарту қолға алынбақ. Басқа инженерлік желілер де жөнделетін болады. 

Әкімнің айтуынша, осы ауданда Абай даңғылының жаяу жүргіншілер кеңістігін Алматы өзенінен Момышұлы көшесіне дейін; Алтынсарин даңғылын, Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейін; Төле би көшесін, Сайран көлінен Яссауи көшесіне дейін; Жандосов көшесін, Алматы өзенінен Сайын көшесіне дейін; Момышұлы көшесін, Шаляпин көшесінен Төле би көшесіне дейін; Сайын көшесін, Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. 

Ерболат Досаев Сайран көлінің реконструкциясы туралы да айтып өтті. 

"Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалауға ЖСҚ әзірленді, тазарту жұмыстарын ағымдағы жылдың соңында бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Сайран көлін қайта құруға және оған іргелес аумақты абаттандыруға ЖСҚ әзірленуде. 2023 жылдың II тоқсанында жөндеу жұмыстарын бастаймыз", - деп уәде берді ол. 

Бұған дейін, LS Досаев Алматыдағы нүктелі құрылыстармен қалай күресіп жатқанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.