Алматыны абаттандыруға миллиондаған теңге қажет

Негізінен мастер-жоспарлар әзірленеді

26 апреля 2021 года

Алматыда абаттандыруға жүздеген миллион теңге жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы 437,9 млн теңгенің жеті мастер- жоспарын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Мәселен, екі жобаны әзірлеуге 100 млн теңгеден астам қаражат қажет. Оның ішінде 123,9 млн теңге Сәтбаев көшесінің бойындағы Луганский көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аумақты өзгерту бойынша мастер-жоспар құруға бөлінуі мүмкін. Кешенді талдауды ескере отырып, тұрғын үй-азаматтық объектілерді және жаяу жүргіншілер-көлік байланыстарын қайта ұйымдастыру қажет болады. Сондай-ақ, Сейфуллин даңғылы бойынан, Абай даңғылынан Райымбек батыр даңғылына дейінгі аумақты өзгерту бойынша жобаны әзірлеу 105,7 млн теңге тұрады.

Сонымен қатар, Райымбек батыр даңғылы мен Сейфуллин даңғылынан Пушкин көшесіне дейін 62,6 млрд теңгеге, Достық даңғылы мен Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейін 59,6 млн теңгеге, Қазыбек би көшесі үшін Достық даңғылынан кіші Алматы өзеніне дейін 23,3 млн теңгеге, Мүсірепов көшесі үшін Қастеев атындағы мұражайдан Мұхтар Әуезов атындағы театрға дейін 17,5 млн теңгеге мастер-жоспар құрылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.