Алматыда жаңа зауыттар пайда болады

Олардың құрылысы индустриялық аймақта жоспарланып отыр

9 июля 2021 года

Алматыда миллиардтаған теңгеге жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды LS қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 2021-2023 жылдары қуаттылығы 12 мың бірлік арнайы техникаға дейін автокөлік құралдарын шығаратын зауыт ашылады деп күтілуде. Жоба 4,1 млрд теңгеге бағаланып отыр. 112 жаңа жұмыс орны құрылады. 

"Сондай-ақ, "Кәсіпкерлікті қолдау картасы" аясында құны 1,2 млрд теңге болатын толық циклді темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылады", – деп толықтырды әкімдiкте.

Бұл жобаның қуаттылығы жылына 36 мың текше метрді құрайды, 67 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 10,7 мың тонна лак-бояу, 800 млн теңгеге лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт пайда болуы мүмкін. Бұл кәсіпорында 120 жұмыс орны ашылады.

"Автокөлік құралдарын өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру Түрксіб ауданында қолданыстағы өндірісті кеңейтуді, ал қалған екі жоба – Алматы индустриялық аймағында қуаттылықты ұлғайта отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді көшіруді көздейді", – деп түсіндірді әкімдікте.

Сонымен қатар, осы өнеркәсіптік аймақта 19,9 млрд теңгеге тағы сегіз жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оларды іске қосу 722 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қалада биокормды қоспалар мен тыңайтқыштар өндіру, алкогольсіз сусындар шығару және құю, құрылыс материалдары мен автоклавты газоблоктар өндіру және кабельді-өткізгіш өнімдер өндіру жөніндегі зауыттар салына алады.

Бұдан басқа, шыны талшықты және композитті талшықтан жасалған арматураны өндіру, нан-тоқаш және аспаздық өнімдерді, жартылай фабрикаттарды өндіру жөніндегі зауыттарды ашу жоспарлануда. Металл конструкциялары мен полиэтилен құбырларын шығаратын өнеркәсіптік кешен, газоблоктар, бетон және темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, жақында іске қосылған автоклавты газобетон өндіретін зауыт шығарылатын өнім түрлерін кеңейтеді. Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында Color Mix тас төсемдері, тротуар плиткалары, қаптама кірпіштер, сәндік блоктар, қабырға панельдері мен блоктар шығарылатын болады.

"Бұл жобаға толықтырулар енгізу өндіріске инвестицияларды 1,8 млрд теңгеге арттырады. Осылайша, жаңа жобаларды ескере отырып, индустриялық аймақ резиденттерінің жалпы саны 62-ге дейін өсті, жобалық құны 233,4 млрд теңге, 6990 жұмыс орны құрылды", – деп түйіндеді әкімдікте.

Атап өтсек, 2021 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Алматыда негізгі капиталға салынған инвестициялар 460,7 млрд теңгені құрады.

Бұған дейін хабарланғандай, мегаполисте 3 млрд теңгеден астам сомаға үш жаңа жоба іске қосылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.