Алматыда бес ірі зауыт салынады

Жұмыспен 531 адам қамтылады

5 ноября 2021 года

Алматыда жалпы инвестиция көлемі 15,4 млрд теңгені құрайтын бес ірі өндіріс орны салынуда. Бұл туралы LS-ке қала әкімдігінде хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, құрылыс жұмыстары осы жылы басталған. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында фармацевтикалық жоба 11,1 млрд теңгеге жүзеге асырылады. Мұнда келесі жылы заманауи дәрілік препараттарды әзірлеу және шығару бойынша биофармацевтикалық кешенді іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорында 231 адам жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, мегаполисте 1,5 млрд теңгеге арматуралайтын тор, кварц агломераттары мен профильді құбырлар шығаратын зауыт салынуда.

"Әкімшілік ғимараттың екінші қабатын қалау жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскесін жоспарлау бойынша жұмыстар аяқталды. Инженерлік желілерді салу басталды", - деді әкімдікте.

Кәсіпорын 2024 жылы іске қосылып. Жаңа 100 жұмыс орны құрылады.

Үшінші ірі жоба – газдалған бетон блоктарын шығаратын зауыт салу. Инвестициялар – 1,24 млрд теңге.  Ақпаратқа сәйкес, металл конструкциялар мен сэндвич-панельдерді монтаждау аяқталды. Қазіргі уақытта инженерлік желілер қосылып, технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. Кәсіпорын 2022 жылы ашылып, 30 адам жұмысқа орналасады.

Сондай-ақ, мегаполисте келесі жылы 800 млн теңгеге төмен вольтты жүйенің электр техникалық жабдықтарын шығаратын зауыт салынып, іске қосылады. Нысанда 50 адам жұмыспен қамтылады.

Бесінші ірі өндірістің ашылуы 2023 жылға жоспарланып отыр. Қалада 800 млн теңгеге лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт салынып жатыр. Атап айтқанда, бастапқы іргесін көтеру жұмыстары басталды. Жұмыспен 120 адам қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін, LS редакциясы индустриялық аймақта түрік инвестициялары бар екі зауыт салына бастағанын жазған болатын. Осылайша, 2023 жылы 1,5 млрд теңгеге металл қоршаулар өндірісі іске қосылады. Кәсіпорында жылына 12 мың тонна жол қоршаулары мен 15 мың тонна ыстық мырыштау бұйымдары шығарылатын болады. Және 3,7 млрд теңгеге Panelsan сэндвич-панельдерін шығаратын зауыт іске қосылады. Нысанда жылына 1 млн шаршы метрге дейін өнім шығару жолға қойылмақ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.