Алматы облысында $200 млн-ға ірі хаб салынады

Нысанды кезең-кезеңмен енгізеді

16 февраля 2022 года

Алматы облысында $200 млн-ға жаңа жоба іске асырылып, шамамен 1,5 мың жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды LS өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Іле ауданында жалпы ауданы 200 мың шаршы метр А+ класты автоматтандырылған логистикалық хаб салынады.

"Оны іске қосудың арқасында өңір экономикасына $200 млн инвестиция тартылып, шамамен 1,5 мың жұмыс орны құрылады. Тиісті меморандумға облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен AIRBA FF директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Ким қол қойды", - делінген хабарламада.

Бозымбаевтың айтуынша, логистикалық хаб аграршылардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін жаңа терезе ашады. Ол еліміздің АӨК өнімі көлемінің шамамен 28-30%-ы Алматы облысына тиесілі екенін еске салды.

Сонымен қатар, бұл жоба шағын және орта бизнесті қолдауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Сондай-ақ, инвестор-компания Талдықорған колледждерінің бірінің базасында IT-мамандарды даярлау бойынша оқу орталығын құрады, бұл цифрлық дағдыларды арттыру және дуальді оқытуды дамыту бойынша үлкен қадам. Әрине, аймақ экономикасы үшін салық түсімдері де маңызды. Бірақ, ең алдымен, бізді тұрғындардың мүддесі алаңдатады, өйткені жоба іске асырылатын Іле ауданында ғана 300 мыңнан астам адам тұрады, ал бүкіл облыста – 2,2 млн-нан астам адам өз тарапынан жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қажетті көмек көрсететін болады", - деп атап өтті Бозымбаев.

Бұл жоба бес жыл ішінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Мәліметтерге сәйкес, хабты енгізу өнімді орналастыру үшін Airba Marketplace онлайн-дүкеніне кіруге мүмкіндік береді. Airba Fintech онлайн-платформасы есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдікті қаржыландыру мен айналым қаражатын толықтыруға қол жеткізе алады. Олар сондай-ақ, делдалдарсыз ірі сауда желілеріне өнімді сату бойынша мәмілелер жасай алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылға дейін облыста 2,8 трлн теңгеге 289 өндіріс іске асырылмақ. Соның нәтижесінде 19 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.