Alatau City Bank-тің Pay Mastercard картасымен сатып алып, қаражатыңызды 20% - ға дейін бонустармен қайтарып алуғаболады. Банктің бейілдік бағдарламасы азық-түлік пен киімдерден бастап ұялы байланысқа дейінгі санаттардың кең ауқымын қамтиды. Мереке қарсаңында бонустар алу өте тиімді, себебі бұл кезеңде сыйлық алуға көп шығындаласыз. Бұл жағдайда сіз жақындарыңызды қуантасыз, ал Банк сізді қуантады.
Балаларға арналған киімдерді, аксессуарларды, балаңыздың сүйікті ойыншығын және дамытушы ойыншықтарды банк картасымен сатып алу өте тиімді: балаларға арналған тауарларды сатып алу кезіндегі бонустардың мөлшері 20% дейін жетеді. Ұялы телефонның балансын толықтырғаны, онлайн-сервистерге (кино және музыка) ақы төлегені үшін клиентке 15% бонус берілсе, такси қызметіне ақы төлегені үшін 7% бонус беріледі. Жалақы карталарын ұстаушыларға еліміздің барлық АЖҚС-ында 5% бонус беріледі.
Жоғары бонустар сонымен қатар супермаркеттерде, киім дүкендерінде, маркетплейстерде, медицина мекемелері мен дәріханаларда, тағам жеткізу қызметтерінде, онлайн кинотеатрларда, музыка мен фильмдерді, жиһаздарды сатып алу кезінде, сондай-ақ кафелер мен мейрамханаларда қызметтер мен тауарларға Alatau City Bank-тің Pay Mastercard картасы арқылы ақы төлеу кезінде қолданылады.
Банктің бейілдік бағдарламасы базалық бонустардың үш деңгейін ұсынады, олардың шеңберінде жоғары есептеулері бар санаттарды таңдауға болады:
− Silver — 1 санат;
− Gold — 2 санат;
− Premium — 4 санат.
Alatau City Bank POS-терминалдарында QR-код арқылы төлем жасаған жағдайда бонустар артып, Silver санатындағы клиенттер үшін 1%, Gold үшін 1,5% және Premium үшін 2,5% құрайды.
Kaspi POS-терминалдарында QR-код арқылы төлем жасаған жағдайда мынадай бонустар қолданылады: Silver — 0,5%, Gold — 1%, Premium — 2%.
Бонустар эквайер банктерден төлем жасалып және қаржылық құжаттар келгеннен кейін шотқа түседі және келесі сатып алуларда пайдалануға дайын тұрады. Картаны неғұрлым жиі пайдалансаңыз, соғұрлым көп пайда аласыз.
Осылайша Alatau City Bank-тің Pay Mastercard иелері жасына және қызығушылықтарына қарамастан жақындарына сыйлықтар таңдауда үлкен мүмкіндіктерге ие болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 18.07.2025 ж. № 1.1.35 лицензия









