2023 жылы Қазақстанда жаңа Қорғас құрылысы басталмақ

Салынар орталықтың Түркіменстанмен шекарадағы орны да аталды

3 ноября 2021 года

Өзбекстанмен шекарада халықаралық сауда орталығын салу мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды LS.

Сауда және интеграция министрлігінің ақпараты бойынша, "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы құрылысын 2023 жылы бастау жоспарланып отыр.

Бұл орталық қазақстандық экспорттың $4-5 млрд-қа ұлғаюына ықпал етеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы бірлескен индустриялық және сауда-логистикалық хабтар арқылы сыртқы нарықтарға тауарларды екіжақты экспорттаудың орталығына айналуға тиіс.

Базалық кооперация ретінде АӨК өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау, электроника, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру болуға тиіс.

Кешеннің өзі қойма қуаттарын, кедендік ресімдеу орталығын қамтуы және мультимодальді хаб құрылмақ.

Өнеркәсіптік кооперацияның неғұрлым перспективалы бағыттары ұн тарту, протеин, жиһаз кластерлері болып табылады.

"Шекара маңындағы аумақта логистикалық қызмет түрлерін дамытуға баса назар аударылады. халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы аумағында халықаралық деңгейдегі логистикалық қызметтердің барлық кешені көрсетілетін болады", - деп атап өтті сауда министрлігінде.

Сондай-ақ, министрлікте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркіменстанмен шекарада осындай орталық құру туралы ұсынысы айтылды. Сауда министрлігінің ақпараты бойынша, алдын ала салу орны Маңғыстау облысының шекаралас аудандары болып белгіленген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.