2022 жылы Алматыда қандай жаңа метро станциялары салынады

Бұған дейін, "АлматыМетроҚұрылыс"одан әрі құрылысқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеді

23 февраля 2022 года

Алматыда метро құрылысына 2022 жылы 10 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады. Бұл туралы LS-ке қалалық әкімдіктен хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, ағымдағы жылы қаржыландыру 10,3 млрд теңгені құрайды.

2022 жылдың мамыр айында екі станцияны – "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлын" іске қосу жоспарланып отыр. Одан әрі "Алтын Орда" базарына қарай тағы үш станция салу жоспарда бар. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Сондай-ақ, Талғардан Алматыға дейінгі жеңіл рельсті көлік құрылысы туралы да айтылды. Әкімдіктің мәліметінше, құрылыс жалғасын табады. Бүгінгі таңда "Қалқаман" станциясының құрылысы бойынша жұмыстар басталып кетті.

Бұған дейін хабарланғандай, "АлматыМетроҚұрылыс " мамыр айында екі станция іске қосылғаннан кейін метрополитен құрылысын жалғастыруды жоспарлап отырған жоқ. Оған 2,5 миллиард теңгеге жуық қаражаттың ұрлану фактісі бойынша жүргізілген тексеру себеп болған. Жаңа станцияларың құрылысын жаңа мердігер қолға алуы мүмкін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.