Жеке компанияларға қанша зейнетақы ақшасы берілді

25 марта 2023 года

Қазақстанда жеке инвестициялық компанияларға 9,5 млрд теңге сомаға зейнетақы активтері берілді, деп хабарлайды LS.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың жинақтарын Jusan Invest (4,29 млрд теңге), Halyk Global Markets (2,68 млрд теңге) және BCC Invest (1,57 млрд теңге) басқарады.

Жақын арада сенат екі оқылымда қабылдаған әлеуметтік кодекс жобасындағы өзгерістерге байланысты жеке ұйымдар басқармасындағы жалпы көлем өсуі мүмкін.

Құжатқа сәйкес, зейнетақы қорының клиенттері жинақ сомасының 50%-на дейін жеке басқаруға беру құқығын пайдалана алады. Бұл ретте активтерді беру салымшының өзі шешімімен жүзеге асырылады.

Ұлттық банкте бұл норма қазақстандықтарға тәуекел мен кірістілік өлшемдеріне сай келетін инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Осылайша зейнетақы активтерін басқарушылардың қызметтер нарығындағы монополияландыруды алып тастау, сондай-ақ, салымшылардың болашақ зейнетақыны қалыптастыруға тартылуын арттыру жоспарлануда.

Қазір жинақтардың ең көп үлесі еліміздің бас банкінің басқаруында – 14,8 трлн теңге (2023 жылғы 1 ақпандағы деректерге сәйкес).

Бұған дейін, LS редакциясы жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,9 млн-ға жеткенін, ал ең көп ақшаны 31-40 жас аралығындағы қазақстандықтар жинақтағанын жазған болатын.

Анықтама

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын бес компанияның басқармасына беруге болады. Олардың қатарында: Jusan Invest, BCC Invest, Halyk Global Markets, "Сентрас Секьюритиз" және Halyk Finance бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.