Катарлық инвесторлар қазақстандық астыққа қызығушылық танытуда

8 июня 2023 года

Катардан келген инвесторлар Қазақстанда астық өңдеуді жолға қоюға көмектесе алады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

"Астана" халықаралық форумының аясында ол журналистердің Катардағы компаниялардың Қазақстанда астық өңдеу зауытын салу ниеті туралы сұрағына жауап берді. Министрдің сөзінше, бүгінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ел аумағында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі инвесторлар көп.

Мәселен, өткен жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында $200-ға 270-ке жуық жоба іске асырыла бастады.

"Биылғы жылы 290 жоба енгізу жоспарымызда. Олардың қатарында шикізат өндіру, азық-түлік өнімдерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бар. Жұмыс жүргізілуде, әрі жалғасын таппақ", - деді министр.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп астық өңдеу кластерін құруға ниетті екенін жазған болатын. Жобаны 2023-2025 жылдары болашақ халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының (ХШЫО) аумағында іске асырылмақ. Нәтижесінде 1 млн тоннаға дейін отандық астықты терең өңдеу, сондай-ақ өсімдік майын тазарту бойынша өндірісті жолға қою жоспарлануда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.