Jusan Bank тұрақты жұмыс істеп жатыр - қаржы министрі

2 февраля 2023 года

Қаржы министрі Jusan Bank-тің тұрақты жұмыс жасап жатқанын атап өтті, деп хабарлайды LS.

Сенат отырысы аясында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің еліміздегі ірі банктің тағдыры туралы сұрақтарына жауап берді.

"Jusan Bank тұрақты жұмыс істеп жатыр деп жауапкершілікпен айта аламын. Оның болашағы жайлы алаңдауға негіз жоқ", - деді министр.

Ол сондай-ақ, бүгінгі таңда Jusan Bank-ті бақылау Назарбаев Университетінің эндаумент қорында сақталатынын атап өтті.

Бұған дейін Jusan Bank мемлекеттік қолдау қаражатын қайтару мәселесіне бойынша түсініктеме берген болатын.

Министрдің мәлімдемесі шындыққа жанасатыны екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) қаржылық тұрақтылығы туралы әртүрлі көрсеткіштермен қаржы реттеушісі ұсынған талаптармен расталады.

Айта кетейік, S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық агенттігі Jusan Bank-тің орнықты даму саласындағы қызметіне 23/100 деңгейінде баға берген еді. Қаржы институты басқару және экономикалық аспект бойынша 27 балл (Governance & Economic Dimension), экологиялық аспект бойынша 11 балл (Environmental Dimension), әлеуметтік аспект бойынша 24 балл (Social Dimension) алды. Бұл Қазақстан банктеріне халықаралық деңгейдегі алғашқы ESG бағасының бірі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.