Қазақстанда жемқорлардың есебінен 70 мектеп салынады

7 марта 2023 года

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың ақшасына осы жылдың соңына дейін 70 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Үкімет аясында Білім министрі Гани Бейсембаев оқу орындарының құрылысына қатысты жағдайды түсіндірді.

"Биыл сыбайлас жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Бұл үшін құжаттар қазірдің өзінде бар, бізде тізімде де бар. Бірер күні бұл тізімге қолдау көрсетіліп, осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 20 өңір қамтылмақ", - деді ол.

Сондай-ақ министрден, бұл мектептер басынан бастап салынатындығын немесе қазірдің өзінде басталған ғимараттардың құрылысын аяқтау жөнінде сауал нақтыланды.

"Жаңадан салынатын мектептер де, аяқтайтын мектептер де бар", - деп түйіндеді министр.

Бұған дейін, Қазақстанның арнайы шотына 50 млрд "сыбайлас жемқорлық" теңге қаражаты келіп түскені хабарланған болатын, олар мектеп құрылысына бағытталады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 100 млрд теңге мектеп салуға бағытталатыны хабарланды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.